Jameson

Jameson – әлемдегі №1 ирландиялық виски. Жыл сайын әлемнің 120 елдерінде 45 миллион литрден астам Jameson сатылады.

Тарихы

Джон Джеймисон – дарынды кәсіпкер және виски шебер білгірі - 1780 жылы Дублиннің дәл ортасында дистиллерия ашқан болатын. Отбасының Sine Metu («Қорқусыз») деген рулық ұраны оған әлемдегі ең жұмсақ вискиді жасауға мүмкіндік берген бірегей новаторлық тәсілдемесін түсіндіруге көмектеседі.
Ашылғанынан кейін көпке ұзамай John Jameson & Son дистиллериясы Ирландияның ең ірі кәсіпорындарының біріне айналды. Джон Джеймисон өте жақсы шикізатты үзіліссіз жеткізуін қамтамасыз ету және өз вискиінің мінсіз сапасына кепілдік беру үшін күшін және қаражатын аямады. Jameson вискиінің тамаша купажының даңқы бүкіл ғаламшар бойы таралған, осының арқасында ХІХ жылдың аяғына қарай Jameson әлемдегі нөмірі бірінші ирландиялық виски болды. Jameson вискиінің осы санаттағы біріншілігі қазіргі күнге дейін күмән тудырмайды.

Өндіріс

1975 жылдан бастап Jameson Корк қаласындағы New Midleton Distillery зауытында дайындалады. Дәннен бөтелкеге дейін өндіріс тек бір ғана зауытта өтеді, бұл өнім сапасын мінсіз бақылау мүмкіндігін береді.
17 наурыз күні байырғы ирландиялық мереке - Әулие Патрик Күні кең құлаш жайып атап өтеді. Дублиннан Токиоға дейін, оның ішінде Қазақстанда да, жыл сайын Jameson қолдауымен кештер дүрілдейді.

jameson

Jameson