Талаптар

Сіз Pernod Ricard компаниясының ресми веб-сайтына кірдіңіз. 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ӨЗІ ТҰРАТЫН ЕЛДЕ СПИТТІК ІШІМДІКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА РЕСМИ ТҮРДЕ РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ЖАСҚА ТОЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ОСЫ САЙТҚА КІРУІНЕ РҰСҚАТ ЕТІЛЕДІ 

Біздің Талаптарымызбен келіскен жағдайда ғана осы сайтты пайдалана аласыз немесе оған кіре аласыз.

Біз кез келген уақытта және алдын ала хабарландырмай, осы Талаптарға өз қарауымызға орай өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Өзгерістер интернет арқылы жарияланған жағдайда өз күшіне енеді. Түзетулер туралы ақпарат алып отыру үшін пайдаланушыларға осы Талаптарды мерзімді түрде қарап отыру ұсынылады. 

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ

Сайттың редакторы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде құрылған және Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19/1-үй, ч/А3 жай, «Нұрлы-Тау» БО, 3"Б" блок, 10-қабат мекенжайы бойынша тіркелген «Перно Рикар Қазақстан» ЖШС-ң және оның үлестес компанияларының («Pernod Ricard»).

Бас редактор: Мустафина Жанар

Сайттарды орналастыру

Pantheon Systems, Inc., 717 California Street, 3rd Floor, San Francisco, CA 94108

Байланыс деректері
Веб-сайттың жұмысымен немесе оны пайдаланумен байланысты кез келген ақпаратты алу үшін цифрлық коммуникациялар бөлімімен хабарласуды сұраймыз: digital.communications@pernod-ricard.com

БІЗДІҢ САЙТҚА КІРУ 

Осы сайтқа кіру және оны пайдалану мүмкіндігі жеке және дербес пайдалану үшін ғана беріледі.

Осы құжат арқылы сіз осы сайтты, ондағы ақпаратты немесе деректерді коммерциялық, саяси немесе жарнамалық мақсаттарға немесе әлеуетті өткізудің кез келген нысанында, әсіресе «спамды» тарату үшін қолданбауға келісесіз.   

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ 

Сайт, веб-сайттың домендік атауы, белгілер, сонымен қатар бүкіл контент пен веб-сайтта жарияланатын барлық өзге элементтер (оның ішінде, бірақ шектеусіз: сәулет, ағаш, логотиптер, көрнекі элементтер, мәтіндер, түсіндірмелер, суреттер, анимацияланған немесе өзге суреттер, файлдар, кезектілік, бейне, дыбыс және т.б.) зияткерлік меншікке және/немесе деректер базасымен байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғалған. Олар Pernod Ricard-ң немесе оның әріптестерінің меншігі болып табылады. Сайтты немесе оның кез келген нысандағы элементтерін Pernod Ricard –ң алдын ала жазбаша келісімінсіз толығымен немесе ішінара кез келген түрде көшіруге, ұсынуға, бейімдеуге немесе аударуға қатаң тыйым салынады және оның авторының жауапкершілігін білдіреді.   .

ӨЗГЕ ВЕБ-САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР

Сайт пайдаланушыларды үшінші тұлғалардың және/немесе Pernod Ricard SA филиалдарының немесе еншілес компанияларының өзге сайттарымен гиперс сілтемелер арқылы байланыстыруы мүмкін; бұл қызмет пайдаланушыға қол жетімді болып табылады. Pernod Ricard бұл сайттарды бақыламайды және олардың мазмұны үшін жауапкершілік арқалай алмайды. Сондықтан сіз олардың талаптарымен немесе конфиденциалдылық саясатымен мұқият танысу үшін жауапкершілік арқалайсыз.

Pernod Ricard-ң алдын ала жазбаша келісімін қоспағанда, үшінші тараптың сайтқа немесе сайттың бір бөлігіне кез келген гиперсілтеме енгізуіне қатаң тыйым салынған. Кез келген жағдайда бұндай сілтеме Pernod Ricard-ң қарапайым сұратуы бойынша бірден жойылуы тиіс

 

 

 

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Сайтты тиісті түрде басқаруды қамтамасыз ету үшін  Pernod Ricard кез келген уақытта алдын ала хабарландырмай, бүкіл сайтқа немесе оның кез келген бөлігіне кіруді кез келген уақытта уақытша тоқтата алады, үзе алады немесе шектей алады, сайттың жұмысын бұзуы мүмкін немесе кез келген заңды немесе ережені бұзуы мүмкін кез келген ақпаратты жоя алады немесе техникалық жұмыстарды жүргізу үшін немесе жаңарту үшін сайтты уақытша жаба алады.

Pernod Ricard қосылыстың үзілгені үшін, сервердегі ақаулар үшін, электр қуатымен байланысты мәселелер үшін немесе Интернет желісімен байланысты өзге мәселелер үшін, әсіресе сайтқа немесе оның кез келген функциясына қатысты ақаулар, істен шығулар, қиындықтар немесе жұмыстың уақытша тоқтатылуы үшін, сайтқа немесе оның кез келген функциясына кіру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты жауапкершілік арқаламайды.

Сайтты пайдаланушы сайтпен байланысқаны үшін толық жауапкершілік арқалайтынын және вирустық шабуылдардан жеке меншік деректерін қорғауға қажетті барлық шараларды қолдануы тиіс екенін растайды.

Пайдаланушы консультация алу үшін жүгінетін сайттар мен деректер үшін айрықша жауапкершілік арқалайды.

Pernod Ricard компаниясы сайтты немесе Интернет арқылы қол жетімді болатын кез келген қызметті пайдаланумен байланысты пайдаланушыға қатысты кез келген соттық тексерулер үшін жауапкершілік арқалайды.

Ақырында, сайтты пайдаланушы қосумен немесе сайтты пайдаланумен байланысты өзіне, үшінші тұлғаларға және/немесе оның жабдығына келтірілген кез келген залал үшін жауапкершілік арқалайтынын мойындайды.

 

КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Сіз сайтты қолданатын кезде Pernod Ricard-қа табыстаған сіздің барлық дербес деректеріңіз, сонымен қатар тапсырысты кез келген түрде тіркеп немесе орналастыру процесі кезінде жиналған осындай дербес деректеріңіз сайттың Конфиденциалдылық саясатымен реттеледі, аталмыш саясат Талаптардың ажырамайтын бөлігі болып табылады және онымен осы жерден немесе сайттың әрбір бетінің төменгі бөлігінде көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады.

Біз сізге Конфиденциалдылық туралы саясаттағы өзіңізге белгілі соңғы өзгерістерден хабардар екеніңізге сенімді болу үшін оны ұдайы қарап отыруды ұсынамыз.  

COOKIES ФАЙЛДАРЫ

Сookie-файлдарға қатысты біздің саясатымызды қараңыз.

 

ҚОЛДАНБАЛЫ ЗАҢНАМА

Бұл талаптар Францияның заңнамасымен реттеледі.