Деректерді бақылаушы ретінде Pernod Ricard бізбен электронды түрде қатынасатын кезде және біздің цифрлық медиасерверлерімізді (біздің веб-сайттарымыз, мобильді қосымшаларымыз, әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз, іс-шараға тіркелуге арналған кез келген онлайн-нысандарымыз сияқты) қолданатын кезде сіздің жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығыңызды сыйлайды.

Біздің конфиденциалдылық туралы саясатымыздың басты мақсаты сізге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде құрылған және Қазақстан Республикасы, 050059, Алматық., Әл-Фараби д-лы, 19/1-үй, ч/А3 жай, «Нұрлы-Тау» БО, 3"Б" блок, 10-қабат мекенжайы бойынша тіркелген «ПерноРикар Қазақстан» ЖШС-ң және оның үлестес компанияларының (бұдан әрі бірлесіп «Pernod Ricard», «біз» немесе «біздің» деп аталады) сіздің Pernod Ricard S.A. басқаратын кез келген цифрлық медиасерверлер арқылы ұсынатын дербес деректеріңізді қалай жинайтыны, сақтайтыны, пайдаланып, өңдейтіні туралы («Цифрлық медиасерверлер») ақпарат беру болып табылады.

Бөлімдер:

1. Біз сіз туралы қандай жеке деректерді жинаймыз және оларды қалай жинаймыз?

2. Біз қадағалау технологиясын қалай және не үшін қолданамыз?

3. Біз сіздің дербес деректеріңізді қандай мақсатта және қандай заңды негіздеме бойынша қолданамыз?

4. Сіз өз дербес деректеріңізді ұсынғыңыз келмеген жағдайда не болады?

5. Біз сіздің дербес деректеріңізді кімге және не үшін ашамыз?

6. Сіздің дербес деректеріңіз өзге елдерде орналасқан адресаттарға жіберіледі ме және неліктен? 

7. Біз сіздің дербес деректеріңізді қаншалықты ұзақ сақтаймыз?

8. Біз сіздің дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз?

9. 9. Дербес деректерге қатысты сіздің құқықтарыңыз қандай?

10. Біз балалардың жеке деректерін қалай өңдейміз?

11. Бізбен қалай байланысуға болады және сәйкес қадағалаушы органға қалай шағымдануға болады?

12. Біздің Конфиденциалдылық туралы саясатымыздағы өзгерістер

 

 

1. Біз сіз туралы қандай жеке деректерді жинаймыз және оларды қалай жинаймыз

Дербес деректер төмендегі 3-бөлімде баяндалған мақсаттар үшін ғана және біздің цифрлық медиасерверлер ұсынатын қайсы бір функцияға немесе қызметке қатысқан сайын жиналады.

Жоғарыда аталған функциялар мен қызметтер үшін жиналған деректердің түрі мен саны жаңартылып отыруы мүмкін және Pernod Ricard қызметіне байланысты ауытқып отыруы мүмкін.   

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес біз өзіміздің цифрлық медиасерверлерімізге қалай қол жеткізіп, оларды қалай пайдалана алатындығымыз туралы ақпаратты жинап, ұсынатын түрлі технологияларды қолдана аламыз. Біз сонымен қатар өзіміздің цифрлық медиасерверлерді пайдаланушылар туралы сіз пайдаланатын әлеуметтік желілер немесе Google сияқты үшінші тараптардан алуға болатын демографиялық деректерді пайдалана аламыз («Пайдалану туралы ақпарат»). Пайдалану туралы ақпарат сіз қарайтын парақшалардан, қарау уақытынан, сусындар туралы ақпараттан немесе сіз жүгінген немесе ұсынатын өзге контенттен, тілден, сонымен қатар сіз туралы демографиялық деректерден (мысалы, бар болса, жасы, жынысы және қызығушылық саласы) және ағымдағы бетке көшкенге дейін қараған беттен және т.б. тұруы мүмкін.  

 

2. Біз қадағалау технологиясын қалай және не үшін қолданамыз?

Pernod Ricard осындай қадағалау технологияларын, cookie–файлдарды, IP-мекенжайды немесе хаттама файлдарын пайдаланады. Қадағалау технологиялары бізге цифрлық медиасерверлерімізді өз жеке қажеттіліктерімізге бейімдеуге көмектеседі. 

• Біз кірушілердің біздің цифрлық медиасерверлерімізді, сонымен қатар ұсынылатын құрал-саймандар мен қызметтерімізді қалай қолданатынын жақсырақ түсіну үшін cookie-файлдарды пайдаланамыз және олардың қолданылуы мен функционалдылығын жақсартамыз. Сіздің келісіміңізбен, қолданыстағы заңнама талап еткен жағдайда біздің цифрлық медиасерверлеріміз cookie – файлдар мен ұқсас технологияларды («cookies») қолданады. Cookie-файлдар – мысалы, сіздің жалпы тәжірибеңізді жақсарта отырып, сіздің қалауларыңызды есте сақтай отырып, беттердің арасында тиімді қозғалуға мүмкіндік бере отырып, сіздің құрылғыңызға орналастырылатын бірқатар мақсатқа қызмет ететін шағын файлдар. Біздің цифрлық медиасерверлерімізде cookie-файлдарды қолдану веб-беттерге кідірмей кіруге және біздің сайтымыздағы сіздің әрекеттеріңізді анағұрлым дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Сіз біз қолданатын cookie-файлдар туралы, сонымен қатар оларды қалай өшіру керектігі туралы Pernod Ricard cookie-файлдарын қолдануға қатысты саясаттан анағұрлым толығырақ біле аласыз.  

• IP-мекенжай – компьютерлер интернетке әрбір кірген кезде сіздің компьютеріңізді сәйкестендіру үшін желіде қолданатын нөмір. Біз (i) техникалық мәселерді жою үшін, (ii) веб-сайттың қауіпсіздігі мен сенімділігін қолдау үшін, (iii) қолданыстағы заңнамаға немесе шарттық шектеулерге сәйкес біздің цифрлық медиасерверлерімізге кіруді шектеу үшін және (iv) өзіміздің цифрлық медиасерверлердің қалай қолданылатынын жақсырақ түсіну IP-мекенжайды қадағалай аламыз (өзгелерімен қатар).

• Біз (немесе біздің атымыздан үшінші тұлғалар) деректерді хаттама файлдары түрінде жинай аламыз, олар цифрлық медиасерверге белсенділікті жазады және пайдаланушылардың әдеттегі қарайтын беттері туралы статистиканы жинайды. Бұл жазбалар құпия жинақталады және бізге (өзгелерімен қатар) (і) пайдаланушы браузерінің түрін және операциялық жүйені, (іі) пайдаланушының сеансы туралы ақпаратты (мысалы, осы ақпарат келген URL-мекенжайы, олардың цифрлық медиасерверлерге кірген күні мен уақыты, олардың біздің цифрлық медиасерверлерде қандай беттерді қарағаны және қаншалықты ұзақ болғаны туралы) және (iii) басқа да ұқсас навигация немесе шерту деректерін қамтиды. Біз сонымен қатар өзіміздің ішкі маркетингтік және демографиялық  зерттеулерімізге арналған хаттама файлында жиналған ақпаратты қолданамыз, сондықтан біз сізге ұсынатын онлайн-сервистерді тұрақты жетілдіріп, дербестендіріп отыруымыз мүмкін. Хаттама файлдары ішкі пайдалану үшін ғана қолданылады және қайсы бір нақты пайдаланушымен байланысты емес.

 

3. Біз сіздің дербес деректеріңізді қандай мақсатта және қандай заңды негіздеме бойынша қолданамыз?

Біз Сіз туралы ақпаратты мынадай мақсаттарда жинаймыз:

• Сіздің қызметтерді көрсету немесе келісімшарттарды орындау туралы сұратуларыңызға жауап беру үшін

• Сіз біздің цифрлық медиасерверлерімізге тіркелетін кезде немесе есептік жазба жүргізетін кезде (мобильді қосымша, веб-сайттар, әлеуметтік желілер және т.б.) сіздің дербес деректеріңіз сізге өзіңіз жазылған сәйкес функцияны және қызметтерді ұсыну үшін қолданылады және сізге әдетте біздің тіркеумен қатар жүретін артықшылықтар мен жеңілдіктер қоса ұсынылады (мысалы, сіз тіркелу кезінде таңдайтын хабарламаларды алу, іс-шараға шақыру, ұтыс ойынына қатысу және т.б.)

Сіз біздің сайттарымыз арқылы өнім сатып алған кезде: біз сіздің дербес деректеріңізді тапсырыстарды ресімдеу үшін және өнімді жеткізу үшін қолданамыз. Сонымен қатар біз заңсыз төлемдерді анықтау үшін техникалық шешімдерді енгізе аламыз және өз сайттарымызда сатып алынған өнімнің төлемін қамтамасыз ете аламыз. 

• Транзакциялар немесе әкімшілік жолдаулар туралы хабарламаларды жіберу: (мысалы, тіркелетін кездегі немесе белгілі бір тіркеуден немесе әрекеттен бас тартатын кездегі растау-хат), сонымен қатар белгіленген қызметтік хабарландырулар (мысалы, конфиденциалды ақпаратты қолдану тәртібі туралы, біздің цифрлық медиасерверлердегі бағдарламалардың немесе әлдебір функцияның жұмысының тоқтатылғаны туралы біздің хабарламаларымыздың жаңартулары, біздің онлайн-сервистеріміздегі немесе техникалық қолдау көрсету саясатымыздағы өзгерістер немесе басқа да сәйкес өзгерістер туралы хабарландырулар)

•Сіздің келісіміңізбен маркетингтік ақпаратты жіберу:

• Сіз өз дербес деректеріңізді ұсынған мақсатқа қосымша өзіңіз сұрататын негізгі әрекеттерден немесе қызметтерден ерекшеленетін әрекеттерді немесе қызметтерді орындау үшін сіздің дербес деректеріңіз қолданылу үшін сізге опция ұсынылуы мүмкін (жалаушы батырмасы арқылы немесе өзге түрде). Мысалы, сіз байқауға немесе өзге жарнама кампаниясына жазылатын болсаңыз, сізге жарнаманы орналастырған біздің цифрлық медиасерверден немесе өзге сайттардан ақпараттық жолдамаларға немесе хабарландыруға жазылу ұсынылуы мүмкін. Сіз осы қосымша қызметтерді алуды шешкен болсаңыз, біз осы қызметтерді көрсету үшін сіздің дербес деректеріңізді пайдаланамыз.

• Сіз «Досқа жіберу» функциясын пайдаланған кезде: осы дербес деректер хабарламаны жолдау үшін бір рет қана қолданылады және жергілікті заңнамаға сәйкес біз оларды әрі қарай сақтамаймыз;

• Сіз QR-кодты немесе Pernod Ricard өнімінде көрсетілетін балама функцияны пайдаланған кезде біз сізге QR-код немесе балама функция көрсетілетін өнімдер туралы немесе өзге өнімдер туралы  қосымша ақпарат жіберу үшін сіздің дербес деректеріңізді қолданамыз;

• Pernod Ricard да заңды негіздемелер бойынша қызмет көрсету сапасын жақсартуға тырысады:

• Сіздің келісіміңізбен, қажет болған жағдайда біз кейде сыртқы көздерден немесе үшінші тұлғалардан алатын деректердің көмегімен өзіміздің цифрлық медиасерверлер арқылы жиналған деректерді араластыра аламыз, жаңарта аламыз немесе өзге түрде жетілдіре аламыз. Мысалы, біз сіз туралы дербес деректерге, біздің ұсыныстарымызда жиналған (мысалы, есептік жазбаларды тіркейтін кезде) дербес деректерге байланбаған демографиялық немесе шолу ақпаратын ғана араластыра аламыз (мысалы, жасы, жынысы, отбасы туралы ақпарат және басқа да қызығушылықтары және т.б.).

Біз жоғарыда көрсетілген біріктірілген ақпаратты және/немесе демографиялық ақпаратты өзіміздің ішкі маркетингтік және демографиялық зерттеулеріміз үшін қолдана аламыз және сіздің қажеттіліктеріңізді жақсырақ қанағаттандыру үшін біз сізге ұсынатын өнімді және қызметтерді ұдайы жетілдіріп, дербестендіріп және бейімдеп отырамыз. Біз қолданатын құрал-саймандардың кейбіреуі қолданыстағы заңнамаға сәйкес автоматты түрде дербес шешім қабылдауды қамтуы мүмкін.   

Кері байланыс, сұрақтар немесе түсіндірмелер біздің «Бізбен байланысу» нысанымыз бойынша және «Бізге хабарлаңыз» нысанына сәйкес біздің ақпараттандыру жүйеміз: сіз бізге онлайн-нысан арқылы хабарласқан болсаңыз, сіздің дербес деректеріңіз сіздің сұратуыңызға немесе түсіндірмелеріңізге жауап беру үшін қолданылады.

• Сіздің дербес деректеріңіздің дәлділігі немесе дұрыс толтырылуы немесе сіз ұсынатын қосымша ақпаратпен жаңартылып отыруы қамтамасыз етілген жағдайда біз сіздің дербес деректеріңіздің біздің деректер базасында сіздің бізге және /немесе біздің филиалдарымыздың біріне берген әрбір өтінішіңізді тексеру арқылы көшірусіз дәл және  өзекті болып қалатындығына кепілдік береміз.

• Сіз осы Конфиденциалдылық саясатының 9-бөлімінде көрсетілген талаптар бойынша қарсылық білдірмейтін болсаңыз, сіздің қалауыңыз бен негізгі қызығушылығыңызды жақсырақ түсіну үшін және өз маркетингтік жолдауларымызды сіздің пішіміңізге бейімдеу үшін өзіміздің цифрлық медиасерверлерімізде орналасқан браузерлердегі сіздің іс-әрекеттеріңіздің мониторингі негізінде біз пішімге талдау жүргізе аламыз. 

Pernod Ricard автоматты шешім қабылдауды қоса алғанда, келісімшартты орындау үшін (мысалы заңсыз төлемдерді болдырмау үшін) немесе сіздің анық келісіміңізбен сіздің қалауыңызға орай сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін дербес деректерді өңдей алады.

Дербес деректердің дұрыс өңделуін қамтамасыз ету үшін қорлданылатын автоматтандырылған құралдардың ұдайы тексеріліп отыратындығына назар аударыңыз. Пішімдерді құратын кезде деректерді барынша азайту сияқты белгілі бір іс-шаралар қолданылады. Сізге жоғарыда көрсетілген қол жеткізу құқығы арқылы өз пікіріңізді білдіру ұсынылады. Сондай-ақ сіз төмендегі 11-бөлімде көрсетілген мекенжай бойынша электронды хат жолдау арқылы автоматтандырылған шешімнің нәтижесін даулай аласыз.   

 

4. Сіз өз дербес деректеріңізді ұсынғыңыз келмеген жағдайда не болады?

Егер сіз сұратуға сәйкес өзіңіздің қайсы бір дербес деректеріңізді жібермеу туралы шешім қабылдайтын болсаңыз, сіздің белгілі бір іс-шараларға және дербестендірілген функцияларға қатыса алмауыңыз мүмкін немесе біз ұсынатын цифрлық медиасерверлердің қызметтері мен арнайы қызметтер шектелуі мүмкін. Мысалы, сіз өз электронды поштаңыздың мекенжайын көрсетуден бас тартатын болсаңыз, біздің ақпараттық жолдауларымызды алуға сіздің мүмкіндігіңіз болмайды немесе біздің цифрлық медиасерверлерге өзге түрде тіркеле алмайсыз. Бірақ жәй ғана біздің цифрлық медиасерлерді қарау үшін және Pernod Ricard пен біздің өніміміз туралы ақпарат алу үшін дербес деректер қажет емес. Кез келген жағдайда сіздің дербес деректеріңіз қажет болған жағдайда біз сізге ол туралы үнемі хабарлап отырамыз.

 

5. Біз сіздің дербес деректеріңізді кімге және не үшін ашамыз?

Pernod Ricard тобына

Pernod Ricard сіздің дербес деректеріңізді Pernod Ricard тобына, сонымен қатар 3-бөлімге сәйкес оның бүкіл әлем бойынша орналасқан филиалдарына бере алады.

Үшінші тұлғаларға

Pernod Ricard сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға табыстай алады, бірақ мына жағдайларда ғана:

• Сіз өз келісіміңізді берген жағдайда маркетинг мақсатында.

• Қолдау көрсету мақсатында: өзіміздің цифрлық медиасерверлеріміздің ішкі операцияларына қолдау көрсету үшін және оларды әкімшілендіруге көмек көрсету үшін немесе түрлі қол жетімді функцияларды, бағдарламалар мен жарнамалық акцияларды әкімшілендіруге көмектесу үшін біз қызметтерді жеткізушілерді, агенттерді немесе мердігерлерді пайдалана аламыз. Осындай кез келген үшінші тарап сіздің дербес деректеріңіздің үнемі бірдей қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етіп отырады, өйткені Pernod Ricard та қажет болған жағдайда конфиденциалдылықты сақтау туралы және сіздің дербес деректеріңізді қорғау туралы және оларды Pernod Ricard-ң белгілі бір нұсқаулары бойынша ғана өңдеу туралы заңдық келісіммен байланысқан;

Бірлескен және бірлесіп демеушілік көрсетілетін бағдарламалар мен жарнамалық мақсаттар үшін: біз өзіміздің цифрлық медиасерверлерімізде өзге компаниямен, ұйыммен немесе өзге сенімді үшінші тұлғамен бірлескен немесе бірлесіп демеушілік көрсетілген бағдарламаны іске қосқан кезде және осы іс-шараның аясында дербес деректерді жинап, өңдеген кезде біз сіздің дербес деректеріңізді өз әріптесімізге немесе демеушімізге (талап етілген жағдайда) сіздің келісіміңізбен ғана бере аламыз. Сіздің дербес деректеріңізді осы жарнамалық акцияның бір бөлігі ретінде Pernod Ricard емес, өзге компания жинайтын (ортақ пайдаланатын болса) болса, біз сіздің дербес деректеріңізді сақтайтын сәтте бұл туралы сізге хабарлаймыз;

• Соттық тексеру және қауіпсіздік мақсаттары үшін: біз сонымен қатар заң бойынша талап етілген жағдайда немесе өзіміздің адал пікіріміз бойынша заңдық рәсімдерді орындау үшін, кез келген кінәратқа жауап беру үшін немесе Pernod Ricard, оның клиенттерінің немесе жұртшылықтың қауіпсіздігін немесе құқықтарын қорғау үшін қажет болған жағдайда сіздің дербес деректеріңізді ашуымыз мүмкін;

• Pernod Ricard компаниясы немесе оның қайсы бір бөлігі өзге компаниямен біріктірілген немесе оны сатып алған жағдайда немесе Pernod Ricard өзінің бүкіл бизнесін немесе оның бір бөлігін сатқан немесе таратқан жағдайда сатып алушы Pernod Ricard сақтаған ақпаратқа қол жеткізе алады, оған қолданыстағы заңнама аясындағы дербес деректер кіруі мүмкін. Осылайша дербес деректер қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат етіліп, жасалатын болса, компанияның қабілетсіздігі туралы іс өндірісі немесе соған ұқсас өзге шара аясында, қайта ұйымдастыру шеңберінде берілуі мүмкін.

 

6. Сіздің дербес деректеріңіз өзге елдерде орналасқан адресаттарға жіберіледі ме және неліктен?

Pernod Ricard – халықаралық компания және сіздің жеке деректеріңіз бүкіл әлем бойынша беріле алады. Олар қорғаныс деңгейі сіз өз дербес деректеріңізді жіберген елдегі қорғаныс деңгейінен ерекшеленетін елдерге берілуі мүмкін. Сіздің дербес деректеріңіз әр елде орналасқан Pernod Ricard тобындағы әртүрлі компаниялардың арасында берілуі мүмкін. Pernod Ricard қолданыстағы заңнамаға сәйкес Еуропалық комиссиямен белгіленген шарттық ережелерді қолдану арқылы табыстау уақытында, сонымен қатар қабылдайтын жерде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сәйкес шараларды қолданады. 

Біздің цифрлық медиасерверлеріміздің жұмысына арналған біздің негізгі қызметтерді жеткізушілеріміз Құрама Штаттарда шоғырланған. Осы жеткізушілер дербес деректерді табыстауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады және Европалық комиссия немесе Конфиденциалдылықты қорғау жөніндегі бағдарлама бойынша белгіленген стандартты шарттық ережелерге негізделеді. Осындай қызметтерді жеткізушілер келісімшартпен байланысқан, бұл келісімшарт конфиденциалдылықтың жоғары қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді және (өзге ережелердің ішінде) Pernod Ricard  нұсқаулары бойынша ғана әрекет етуін және сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде қажетті болатын барлық техникалық іс-шаралардың қолданылуын талап етеді.

 

7. Біз сіздің дербес деректеріңізді қаншалықты ұзақ сақтаймыз?

Сіздің есептік жазбаңыз белсенді болып тұрғанша, сізбен жасалған шарттың әрекет ету мерзімі ішінде немесе қажеттілігіне орай сізге өзіңіз сұратқан қызметтерді көрсету үшін немесе сұратуларыңызға жауап беру үшін немесе қайсы бір мәселелерді шешу үшін, жақсартылған немесе жаңа қызметтерді көрсету үшін сіз біздің цифрлық медиасервер арқылы жіберген дербес деректеріңізді өзіміздің деректер базасында сақтаймыз. Өзіміздің құқықтық және нормативтік міндеттемелерімізді орындау үшін, дауларды шешіп, өз келісімдеріміздің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда біз сіздің дербес деректеріңізді ішкі сақтау рәсіміне сәйкес сақтай аламыз.

Осылайша, сіз Pernod Ricard қызметтерін немесе талап арыз қою мерзімінің ескіруі туралы заңға сәйкес біздің цифрлық медиасерверлерімізді пайдалануды тоқтатқаннан кейін де біз сіздің дербес деректеріңізді сақтауымыз мүмкін.

 

8. Біз сіздің дербес деректеріңізді қалай қорғаймыз?

Pernod Ricard осы веб-сайттан жиналған сіздің дербес деректеріңіздің және/немесе конфиденциалды дербес деректерді қоса алғанда, біздің қосымшаларымыздың  конфиденциалдылығы мен қауіпсіздігін қорғауға қажетті барлық техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолданады. Бұл жерге мынадай шектеулер де кіреді: (i) жұртшылық үшін қол жетімсіз болып табылатын және Pernod Ricard уәкілетті қызметкерлері, сонымен қатар біздің агенттеріміз бен мердігерлеріміз ғана қол жеткізе алатын қауіпсіз операциялық орталарда сіздің дербес деректеріңізді сақтау; және (ii) дербес деректерге кіру мүмкіндігін ұсынар алдында тіркелген пайдаланушылардың түпнұсқалығын тексеру. 

 

9. Дербес деректерге қатысты сіздің құқықтарыңыз қандай?

• Сіздің дербес деректеріңіз сіздің келісіміңізбен өңделген болса, сіз кез келген уақытта бас тартқанға дейінгі өңдеудің жарамдылығына нұқсан келтірместен өз келісіміңізден бас тарта аласыз. 

• Сіз өз дербес деректеріңізге қол жеткізу мүмкіндігін сұрата аласыз;

Сіздің дербес деректеріңіз дәл болмаса, толық болмаса немесе ескірген болса, оларды түзетуді сұрата аласыз;

• Сіздің дербес деректеріңіз (i)  деректерді өңдеу мақсатына қажет болмаған жағдайда, (ii) сіз осы келісімге ғана негізделген деректерді өңдеуге берген келісіміңізді кері шақыртқан жағдайда, (ііі) сіз деректерді өңдеуге қарсылық білдірген жағдайда, (iv) дербес деректерді өңдеу заңсыз болған жағдайда, (v) дербес деректер Pernod Ricard-ке қатысты қолданылатын заңдық міндеттерге сәйкес келу мақсатында жойылған жағдайда сіз өз дербес деректеріңізді жоюды сұрата аласыз. Pernod Ricard тобының өзге бөлімшелерін осындай жою туралы ақпараттандыру үшін Pernod Ricard барлық ақылға қонымды шараларды қолданады.

• Сіз мына жағдайларда өңдеуді шектеуді сұрата аласыз: (i) сіздің дербес деректеріңіздің дәлділігіне қатысты күмәніңіз болып, Pernod Ricard компаниясының олардың дәлділігін тексеруге мүмкіндігі болу үшін; (ii) өңдеудің заңсыз болғанына қарамастан өз дербес деректеріңізді жойғыңыз емес, шектегіңіз келген жағдайда; (iii) сіз соттық талап арыздармен байланысты өзіңізді қорғау үшін қажет болғандықтан Pernod Ricard-ң сіздің дербес деректеріңізді сақтап қалғанын қалайтын болсаңыз, (iv) сіз өңдеуге қарсылық білдірген болсаңыз, бірақ Pernod Ricard осындай өңдеуге заңды негіздеменің бар-жоғына көз жеткізгісі келген жағдайда (ол сіздің жеке құқығыңызды назарға алмауы мүмкін).

• Сіз бізден өзіңіз ұсынған дербес деректерді тасымалдауды сұрата аласыз, атап айтқанда, дербес деректердің өңделуі сіздің келісіміңізге немесе шартты орындауға негізделген болса.

• Сізде өз дербес деректеріңізді бізге ұсынбау мүмкіндігі қашан да болады. Сіз осы жолды таңдайтын болсаңыз, біз сізге ұсына алатын сіздің әрекеттеріңіз бен функцияларыңыз шектелуі мүмкін.  

Деректерді өңдеу Pernod Ricard-ң заңды мүдделеріне негізделген болса, Сіз пішімді талдау негізінде, сонымен қатар маркетинг мақсатында өз дербес деректеріңізді біздің өңдеуімізге қатысты қарсылық білдіруге құқығыңыз бар. 

Жергілікті заңнамаға сәйкес сіз осы Конфиденциалдылық саясатына сәйкес өңделетін өзіңіздің дербес деректеріңіздің сіздің өліміңізден кейін немесе жағымсыз телефон қоңырауларын бұғаттауға арналған тізімге тіркеу үшін қалай қолданылатыны туралы жалпы немесе нақты нұсқауларды беруге құқығыңыз бар.

 

10. Біз балалардың жеке деректерін қалай өңдейміз?

Біздің сайт спитттік ішімдіктерді қабылдауға ресми түрде рұқсат етілген жасқа толмаған балаларға арналмаған («Кәмелеттік жасқа толмағандар»), сондықтан біз кәмелеттік жасқа толмаған балалар туралы дербес деректерді әдейі жинамаймыз. Есептік жазбаны құру үшін және біздің цифрлық медиасерверлеріміздегі транзакциялар мен іс-шараларға қатысу үшін сіз кемінде он сегіз жаста болуыңыз тиіс. Егер біз кәмелеттік жасқа толмаған баланың біздің цифрлық медисерверіміз арқылы өз дербес деректерін бергенін анықтайтын болсақ, біз бұндай дербес деректерді жоямыз.   

 

11. Бізбен қалай байланысуға болады және сәйкес қадағалаушы органға қалай шағымдануға болады?

Конфиденциалдылық саясатына немесе ақпарат жинау тәжірибесіне қатысты Сіздің қайсы бір сұрақтарыңыз, өтініштеріңіз немесе түсіндірмелеріңіз болған жағдайда бізбен мына мекенжай бойынша хабарласуды:

ЖШС «ПерноРикар Қазақстан»

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19/1-үй, ч/А3 жай, «Нұрлы-Тау» БО, 3"Б" блок, 10-қабат

немесе groupdpo@pernod-ricard.com мекенжайына хат жолдаңыз. 

Сондай-ақ сізде Pernod Ricard компаниясының дербес деректеріңізді өңдеу талаптарына қатысты қайсы бір мәселелер туындаған жағдайда өзіңіз орналасқан елдің қадағалаушы органына шағымдана аласыз.     

 

12. Біздің Конфиденциалдылық туралы саясатымыздағы өзгерістер 

Біз өз Конфиденциалдылық саясатымызды ұдайы қайта қарап, осы веб-бетке кез келген жаңартуларды орналастырып отырамыз.

Осы конфиденциалдылық саясатымыз 2018 жылғы мамыр айында жаңартылды.