Published On 23/04/2017

Марафон 2017

23 сәуір күні біздің компания екі команда құрамында "Алматы Марафонға" кезекті рет қатысты.

Осы жылы VI “Алматы Марафонның” қайырымдылық мақсаты 6 арнайы балалар мекемесін қамтыды:

1. Естулері бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) № 1 мектеп-интернаты.

2. Қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) № 2 мектеп-интернаты.

3. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған Н. Островский атындағы № 4 арнайы мектеп-интернат.

4. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) № 9 мектеп-интернаты.

5. Алматы Білім беру басқармасының кіші және бәсеңдетідген туберкулез нысандары бар балаларға арналған шипажай түріндегі № 15 арнайы мектеп-интернат.

6. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 13 түзету бала-бақшасы.

Жиналған қаражат осы мекемелерде спорт залдарын жасауға және жабдықтауға кетті. Тіпті жақында оларда скалодромдар, футбол алаңдары, сенсорлық бөлмелер және арнайы спорттық құрал-жабдықтар пайда болады.

Марафон 2017

Share this