Published On 16/05/2017

Ағаш отырғызу 2017

2017 16 мамырында қызметкерлер командасы Қазақстан Көгалдандырушылары Қауымдастығымен және "Королевский садовник" ландшафт мектебінің түлектерімен бірлесіп "Бөртегүлдер" саябағын көгалдандыру бойынша жұмыстарға қатысты.

30 түп бөртегүл және 200 метр қына ағаш отырғызылған болатын.

Бір жыл бұрын, адамдар өте сирек кездесетін, қурап қалған ағаштар көп қараусыз қалған, күтілмеген аумаққа қарағанда, бүгінгі суретті елестету қиын болар еді - поребриктері бар жаңа асфальт, әдемі орындықтар, көк-көмбек және адамдар көп жүр. Шулы көшелердің жанында орналасқанына қарамастан қала орталығындағы тыныштық аралы.

Көгалдандырушылар Қауымдастығының Президенті Татьяна Антоненко Фейсбуктағы парақшасында осы әлеуметтік науқан қалдырған әсерімен бөлісті: "Ыстық отыз градус шамасында болды!

Біз қатты қобалжыдық - "Болек" тәлімбағының алқаптарынан қазып алынған, тіпті гүлдеп тұрған бөртегүлдер қалай қабылданады?!

Бірақ "Перно Рикар Казахстан" компаниясының жігіттері айтты: - Тек 16 мамыр күні отырғызамыз!

Олардың Аспан кеңсесімен бәрі ретімен келісілген - тіпті он алтысы күні ауа райы бұлтты әрі салқын болды, ал келесі үш күнде жаңбыр құйып суытты.

Басқаша болмауы керек еді, өйткені жігіттер ізгі іс жасап отыр - өз қолдарымен және өз қаражатымен тіпті бір жыл бұрын қараусыз тұрған, Алматы орталығындағы Бөртегүлдер саябағын жайластырып отыр.

Өткен жазда "Перно Рикар" командасы өз қолымен асфальтты араластырып төседі, орындықтар мен урналарды орнатып отырды. Тіпті спорттық снарядтарды да! Егер өз көзіммен көрмегенше, олардің бөртегүлді және тірі шарбақты отырғызғанда қалай жұмыс істегендеріне сенбес едім - өздері ап-ауыр кесектерді тасыды, оларды тура қойып отырды, көмді, нығыздады, ағаш түбіндегі діңгек шұңқырларының шеттерін безендірді.

Ал тірі шарбақты отырғызу - нағыз командалық шығармашылық болды - біреулер көшеттерді әкеліп отырды, басқалары ұстап тұрады, үшіншілері көмеді, төртіншілері сонынан дұрыстап жерді таптап отырды.

200 м қына ағаштан тұратын тірі шарбақты және 30 үлкен түп бөртегүлді біз үш сағаттың ішінде отырғыздық! Ал жігіттер кездесулері мен офистары бойынша тарап кетті.

Осы жұмысқа "Королевский садовник" ландшафт мектебінің түлектерінің де қосылғандарына мен өте қуанышты болдым. Олар үшін бұл тамаша тәжірибе, оған қоса қалалық көгалдандыру нысанында.

Ал осы уақытта... Саябақтағы өмір өз кезегімен өтіп бара жатты: студенттер көлеңке ісздеп орындықтан орындыққа ауысып отырды, спорттық снарядтарда жарыс ұйымдастырып отырды, ғашықтар бөртегүлдер астында сүйісіп жатты, жүргіншілер өз алдымен жүрді, және барлықтарға болып жатқан көрініс ұнап жатты!

Ағаш отырғызу 2017

Share this