Сookie файлдарына қатысты саясат

Қолданыстағы заңнама талап еткен жағдайда біз Сіздің келісіміңізбен өз сайтымызда cookie-файлдар мен соған ұқсас технологияларды қолданамыз («cookie»).

Cookie («Саясат») саясатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті түрде құрылған және Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19/1-үй, ч/А3 жай, «Нұрлы-Тау» БО, 3"Б" блок, 10-қабат мекенжайы бойынша тіркелген «Перно Рикар Қазақстан» ЖШС-ң және оның үлестес компанияларының («Pernod Ricard» немесе «біз») өз веб-сайттарында, мобильді қосымшаларында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында және т.б. («Цифрлық медиасерверлер») cookie-файлдарды пайдалануға қатысты сіздің конфиденциалдылық параметрлеріңізді ескеруге қалай міндеттенетіні сипатталған.

 

1. COOKIE ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Cookie-файлдар біздің цифрлық медиасерверлерге кірген кезде сіздің компьютеріңізде немесе мобильді құрылғыңызда (мысалы, смартфон немесе планшет) сақталатын шағын мәтіндік файлдар немесе ақпарат үзінділері болып табылады. Cookie-файлда әдетте cookie-файл қай веб-сайттан/қосымшадан алынған болса, соның атауы (яғни cookie-файлдың сіздің құрылғыңызда қаншалықты ұзақ сақталатындығы) және мәні көрсетіледі, ол кездейсоқ құрылған бірегей нөмір түрінде болады.

 

2. БІЗ НЕЛІКТЕН COOKIES-ТІ ПАЙДАЛАНАМЫЗ?

Біз өз цифрлық медиасерверлеріміздің қолданылуын жеңілдету үшін және өз цифрлық медиасерверлерімізді және өз өнімдерімізді сіздің мүдделеріңіз бен қажеттіліктеріңізге жақсырақ бейімдеу үшін cookie файлдарын пайдаланамыз.

Cookies бұны жасай алады, өйткені біздің цифрлық медиасерверлеріміз сізді тануға және маңызды ақпаратты есте сақтауға мүмкіндік бере отырып, осы файлдарды оқи алады және жаза алады, бұл сіздің бізге тиесілі цифрлық медиасерверлерді қолдануыңызды анағұрлым ыңғайлы етеді (мысалы, анағұрлым қалаулы орнатуларды есте сақтау арқылы).

Cookies болашақта сіздің іс-әрекетіңізді жылдамдату үшін және біздің цифрлық медиасерверлердегі тәжірибеңізді арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Біз сондай-ақ cookie – файлдарды пайдаланушылардың біздің цифрлық медиасерверлерімізді қалай пайдаланатынын түсінуге мүмкіндік беретін және біздің цифрлық медиасерверлеріміздің құрылымы мен мазмұнын жақсартуға көмектесетін құпия, біріктірілген статистикалық деректерді құрастыру үшін қолданамыз.   

 

3. БІЗ COOKIES –Ң ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНАМЫЗ ?

Біз қолдана алатын сookie-файлдарының түрлері сеанстық файлдар немесе тұрақты файлдар болуы мүмкін немесе бірінші тараптың және үшінші тараптардың cookie-файлдары болуы мүмкін. 

Тұрақты cookie – файлдар жүйеге кіруге арналған ақпаратты сақтау үшін және болашақта біздің цифрлық медиасерверлерімізге кіру мақсатында сіздің теңшеулеріңізді есте сақтау үшін қолданылады. Тұрақты cookie-файл – бұл сыртқы компьютерде файл түрінде сақталатын және сіз өз веб-браузеріңізді жапқан кезде сол жерде қалатын cookie –файл. Cookie -файл сіз қайта кірген кезде өзін құрған цифрлық медиасервер арқылы оқылуы мүмкін. Cеанстың сookie –файлы біздің цифрлық медиасерверлерімізбен сіздің қалай өзара әрекеттесетініңізді жақсырақ түсіну үшін және веб-трафикті ортақ пайдаланып, бағдарлау мақсатында біздің цифрлық медиасерверлеріміздің және сервистеріміздің белгілі бір функцияларын қосу үшін қолданылады.

Тұрақты cookie – файлдармен салыстырғанда сеанстардың cookie – файлдары браузерді жапқан кезде сіздің компьютеріңізден жойылады. Олар әдетте сіздің компьютеріңізде сеанстың құпия сәйкестендіргішін сақтайды, бұл сізге веб-сайттарды/ қосымшаны (мысалы) әрбір бетке кіру қажеттілігінсіз қарауға мүмкіндік береді.

Бірінші тараптың сookie-файлдары – бұл біздің жеке меншік cookie – файлдарымыз, біз оларды өз тәжірибемізді жақсарту үшін қолданамыз. Олар пайдаланушының жеке ақпаратымен байланысты. Біздің өз жеке меншік cookie – файлдарымызды пайдалана отырып жинайтын ақпаратқа ешбір үшінші тарап қол жеткізе алмайды.  

Үшінші тараптардың сookie – файлдары - бұл жарнамалық cookie – файлдарды қоса алғанда, өз қызметтерін көрсету үшін үшінші тұлғалардың біздің цифрлық медиасерверлерге орналстырған cookie – файлдары. Олар сіз біздің цифрлық медиасерверлерімізге кірген кезде өз қызметтерін көрсете алу үшін cookie – файлдарды  (cookie – үшінші тараптардың файлдары) сіздің құрылғыңызға біздің атымыздан орналастырады. Осы cookie – файлдар туралы анағұрлым толығырақ ақпаратты сіз конфиденциалдылық саясатынан таба аласыз. 

Төменірек сіз cookie – файл түрлерінің- біз өз цифрлық медиасерверлерімізде пайдалана алатын файл түрлерінің тізімін таба аласыз. Сookie – файлдардың көмегімен жиналған ақпарат дербес деректерден тұратын болса, cookie – файлдарды қолдану жөніндегі осы саясатқа қосымша онлайн режіміндегі Pernod Ricard конфиденциалдылық саясатының да ережелері қолданылады. 

 

a. Негізгі cookie-файлдар

Негізгі cookie - файлдар бұл біздің цифрлық медиасерверлеріміздің жұмысына және олардың серверлері мен функцияларын қолдану үшін аса қажетті cookie – файлдар. Осы аса қажетті cookie – файлдарсыз біздің цифрлық медиасерверлеріміз біз қалағандай жақсы жұмыс істей алмайды және біз сіз сұратқан белгілі бір қызметтерді немесе функцияларды орындай алмаймыз. Біз сонымен қатар өзіміздің цифрлық медиасерверлерімізге теңшеу үшін және дербестендіру үшін сіз таңдап алған опцияларды есте сақтауға мүмкіндік беретін техникалық cookie – файлдарды қолданамыз (мысалы, сіздің пайдаланушының аты, тілі және сіз орналасқан ел). Бұл cookie – файлдар сіз интернет арқылы кірген беттерді есте сақтау үшін немесе жарнама үшін қолданылатын сіз туралы ешбір ақпаратты жинамайды. Бұл cookie – файлдар біздің цифрлық медиасерверлеріміздің жұмысы үшін қажет, сондықтан сіз оларды пайдаланудан бас тарта алмайсыз.   

 

b. Деректерді талдамалық өңдеуге арналған сookie-файлдар 

Біздің цифрлық медиасерверлеріміз Google деректерді талдамалық жолмен өңдейтін  cookie-файлдарды да қолдануы мүмкін. Бұл cookie- файлдар сіздің біздің цифрлық медиасерверлерімізді қайлай пайдаланатыныңыз және қалай қозғалатыныңыз туралы ақпаратты жинайды. Мысалы, бұл cookie-файлдар анағұрлым жиі кіретін беттерді, ІР-мекенжайларды, интернет қызметтердің провайдерлерін (ISP), сілтеме/шығу беттерін, операциялық жүйені, күн/уақыт белгісін және кіру тарихы жөніндегі деректерді қадағалайды. Біз осы ақпаратты үдерістерді талдау үшін, веб-сайтты әкімшілендіру үшін, өзіміздің цифрлық медиасерверлеріміздің арасында пайдаланушылардың қозғалуын қадағалау үшін және жалпы біздің пайдаланушыларымыздың базасы туралы демографиялық деректерді жинау үшін қолданамыз. 

 

c. Маркетинг мақсатына және пішімді қарауға арналған сookie-файлдар

Сіз біздің цифрлық медиасерверлерімізге кірген уақытта жарнама көрсету үшін біз бөгде жарнама компанияларымен жұмыс істейміз және осы компанияларға біздің цифрлық медиасерверлерге жарнамалық хабарландыруларды орналастыратын кезде сіздің құрылғыңыздағы жеке меншік cookie-файлдарға жарнаманы орналастыруға және өзіңіздікіне қол жеткізуге рұқсат бересіз. Бұл компаниялар сіз қызығушылық танытқан тауарлар мен қызметтер туралы жарнаманы орналастыру үшін өзге онлайн-сайттардың пайдасына сіздің сатып алған заттарыңыз бен қызығушылығыңыз туралы дербес сипатқа ие емес сәйкестендіру деректеріңізбен бірге сіздің біздің веб-сайттарымызға/қосымшаларымызға кіргеніңіз туралы өз cookie-файлдарының көмегімен алынған ақпаратты (сіздің атыңыз, мекенжайыңыз, электронды поштаңыздың мекенжайы немесе телефон нөмірі кірмейтін) қолдана алады. 

 

4. COOKIE-ФАЙЛДАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ САҚТАЛАДЫ?

Cookie-файлдар қолданбалы заңнамамен талап етілуіне орай пайдаланушының терминалына алғаш рет түскеннен кейін максималды сақтау кезеңіне ие болады.  

 

5. БІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ МЕДИАСЕРВЕРЛЕРДЕ COOKIE-ФАЙЛДАР ҚАЛАЙ БАҚЫЛАНАДЫ?

Сіз бас беттегі баннермен танысқаннан кейін ақпаратты іздеуді және қарауды жалғастыратын болсаңыз, негізгі cookie-файлдардан басқа, жоғарыда көрсетілген cookie-файлдар сіздің компьютеріңізге орнатылады.